Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
22
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы






25.01 информатка мұғалімі Малыбаева Гульмира Адильбаевна 10 “А” сыныбымен өткізген ашық сабағында “Менің білгенім -сенің жүрегіңе” әдісімен жақсы көңіл-күй қалыптастырып, “Baamboozle” қосымшасымен ұяшықтарды оқушылар таңдап, үй тапсырмасы тексерілді. “Миға шабуыл” әдісімен жаңа сабаққа сүйемелдеу жасап, “Ойлан, топтас, бөліс” әдісімен 3 деңгейде саралау тапсырмаларына топтармен жұмыс болды. Тапсырмалар: 1- тапсырма - кодта кеткен қателерді табу, 2-тапсырма - түзетеді, 3-тапсырма - “Ұлы тұлғалар Әбілхан Қастеев, Шакен Айманов, С.АХоджиков шығармалары туралы web беттің кодын жазады, оқушылар noterpad++ бағдарламасында web парақшасын құрды. Дескрипторда 6 талап қойылып, әрқайсысы 1 балмен бағаланды. Оқушылар тапсырмалар қатарын орындап, сабақты бекітуде кері байланысқа “Жебе” әдісімен оқушылар жұптық тапсырманы сәйкестендірді. Сабақтың рефлексиясы топ оқушылары “Аяқталмаған сөйлем” арқылы “Wooclap” қосымшасында орындады. Уақыт ұтымды пайдаланылды. Мұғалім оқушылардың оқу-тәжірибелік дағдыларын көрсете білді.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
15 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлағы