Мұғалімдер » Страница 4 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
24
ақпан
2021
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
Лицейдің 5 А сынып оқушысы Исабек Амаль Республикалық "Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауында мәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.А. Динабекова. Құттықтаймыз!!!
Халықаралық IMPACT олимпиадасының тренерлер лигасы
30
қаңтар
2021
Халықаралық IMPACT олимпиадасының тренерлер лигасы
Математика пәнінен олимпиадалық резерв тренер-мұғалімі Кабаев Мерей Куанышкалиевич мұғалімдер және тренерлерлерге арналған Халықаралық IMPACT олимпиадасының тренерлер лигасына қатысып, 3-ші орынды иеленді. Мерей Куанышкалиевич шәкірттерін баулып, жетістіктерге жеткізумен қатар, үнемі өзінің кәсіби шыңдалуына аса көңіл бөліп, олимпиадаларға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетуде.
"Ұстаздар қауымы" тоғызқұмалақ ойыны
26
қаңтар
2021
"Ұстаздар қауымы" тоғызқұмалақ ойыны
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айнабекова Гүлсім Нұрланқызы қала бойынша өткізілген "Ұстаздар қауымы" тоғызқұмалақ ойыны жарысынан 3-орынды иеленіп, Алматы қпоасы спорт Басқармасының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
"Ақын Абайдан- хакім Абайға дейін" тақырыбындағы "Абайтану" кабинеттері, залдары мен мұражайлары
28
желтоқсан
2020
"Ақын Абайдан- хакім Абайға дейін" тақырыбындағы "Абайтану"
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы Білім басқармасы мен білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының арасында "Ақын Абайдан- хакім Абайға дейін" тақырыбындағы "Абайтану" кабинеттері, залдары мен мұражайлары қатысқан қалалық байқауға лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстазымызды шын жүректен
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
24
желтоқсан
2020
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
Лицейіміздің 5 сынып оқушысы Шаймұхамедов Арнұр "Ақ көгершін" балалар қорының ұйымдастыруымен өткен "Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында І дәрежелі дипломант атанып, жеңілдік сертификатына ие болды. "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі М.Б.Сақтағанов. Құттықтаймыз!!!!
"Достық" спорт кешенінде өткізілген марапаттау рәсімі
21
желтоқсан
2020
"Достық" спорт кешенінде өткізілген марапаттау рәсімі
Тафис Қазақстан - Мектеп черлидингі Федерациясының "Достық" спорт кешенінде өткізілген марапаттау рәсімінде лицейіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері - Эрнстова Роза Мамырбековна мен Айнабекова Гульсум Нурлановна "2020 жылдың үздік нұсқаушысы" марапатына ие болды. Ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы
09
желтоқсан
2020
"Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы
Алматы қаласы білім басқармасы "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық Абай оқуларында "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" номинациясы бойынша лицейдің 8 сынып оқушысы - Асан Алтынай 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:Ж.М.Байкожаева. Құттықтаймыз!!!👏
"Жастардың қоғамдық белсенділігін арттырудағы шешендік өнердің маңыздылғы", "Абай шығармаларының тағылымы"  атты тақырыбында сұхбат
19
қараша
2020
"Жастардың қоғамдық белсенділігін арттырудағы шешендік өнердің
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастарға қолдау көрсету қоғамдық қоры қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіттен "Жастардың қоғамдық белсенділігін арттырудағы шешендік өнердің маңыздылғы", "Абай шығармаларының тағылымы" атты тақырыбында сұхбат алды. Ұрпақ тәрбиесі туралы тұшымды ой айтып, пайым-парасатының кеңестігін кеңейтетін ұстаздар қауымының мәртебесі биік болсын!
"Абай әлемі" қалалық конкурсы
18
қараша
2020
"Абай әлемі" қалалық конкурсы
С.А.Ходжиков атындағы#39 мамандандырылған лицей ұстазы-Аманов Нұржігіт Бердібекұлы "Абай әлемі" қалалық конкурсына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды.