Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы – таза қала» – ортақ жауапкершілік
22
желтоқсан
2025

«Алматы – таза қала» – ортақ жауапкершілік


Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қалаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Алматы – таза қала» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға қаланы таза ұстаудың маңызы, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және экологиялық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар туған қаланың тазалығы әр азаматтың саналы әрекетіне тікелей байланысты екенін ұғынды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты аялауға баулу және «Таза қала – қауіпсіз әрі жайлы орта» қағидасын қалыптастыру.
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.