24
қаңтар
2026
Омаров Жанибек Чингисович лицей парламентінің вице-президенті ретінде атқаратын қызметі мен міндеттері туралы оқушыларға түсіндірме жүргізді

Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі, 10 «Ә» сынып оқушысы Омаров Жанибек Чингисович лицей парламентінің вице-президенті ретінде атқаратын қызметі мен міндеттері туралы оқушыларға жан-жақты түсіндірме жүргізді.
Кездесу барысында Жанибек өз жауапкершілігін, көшбасшылық рөлін нақтылап, оқушыларды қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға, бастамашыл болуға және лицей өміріне үлес қосуға шақырды. Ол өз іс-әрекетімен қатарластарына үлгі көрсетіп, белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын көрсете білді.