10
ақпан
2026
Лицейде «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілд

Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейде
«Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға жеке қауіпсіздікті сақтау ережелері, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ көшеде және қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз ұстау жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллингтің алдын алу және жеке мәліметтерді қорғаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттар берілді. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Мұндай тәрбие сағаттары оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.