10
ақпан
2026
Лицейде «Құқықтық жаппай оқыту» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейде
«Құқықтық жаппай оқыту» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сабақ кезінде күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар талқыланып, заңды білу мен оны сақтаудың маңызы айтылды. Оқушылар өз құқықтарын қорғау жолдары және заң талаптарын орындаудың азаматтық борыш екені жөнінде құнды ақпарат алды.
Аталған тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарайтын саналы азамат тәрбиелеуге бағытталды.