10
ақпан
2026
Лицейде «Көмек» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейде
«Көмек» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға бір-біріне қолдау көрсету, қиын жағдайда қалған жандарға көмек беру, мейірімділік пен жанашырлық танытудың маңыздылығы түсіндірілді. «Көмек» ұғымы тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен қатар жылы сөз, дұрыс кеңес және жанашырлық екенін оқушылар терең түсінді.
Сабақ кезінде оқушылар өмірден алынған мысалдар арқылы көмектесудің адамгершілік құндылық ретіндегі рөлін талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Өзара сыйластық пен көмекке дайын болу – қоғамдағы татулық пен бірліктің негізі екені айтылды.
Аталған тәрбие сағаты оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке және қайырымдылыққа тәрбиелеуге бағытталды.