10
ақпан
2026
«Менің анамның жиі айтатын сөзі»



«Менің анамның жиі айтатын сөзі»
5 «В» сынып оқушыларымен өткен тағылымды іс-шара
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейде 5 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «Менің анамның жиі айтатын сөзі» атты әсерлі бейнеролик түсірілді.
Іс-шара барысында оқушылар өз аналарының жүрекке жылы, мағыналы сөздерімен бөлісіп, шынайы сезімдерін жеткізді. Әр баланың айтқан ойы – ана мейірімінің, тәрбиенің және өмірлік құндылықтардың айқын көрінісі.
Әр бала – анасының айнасы.
Ананың әрбір сөзі – өмірлік сабақ, мейірім мен адамгершіліктің бастауы.
Аталған шара «ДосболLike» жобасы аясында лицейдің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызының ұйымдастыруымен өтті.