Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.
10
ақпан
2026

Лицейде «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.






Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде
қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 7-сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.

Аталған іс-шара лицейдің тәрбие жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік белсенділігін арттыру, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру және сыныптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жүргізілді.

Танымдық әрі тартысты өткен сайыс барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – 7 «А» сыныбы
🥈 ІІ орын – 7 «Ә» және 7 «Г» сыныптары
🥉 ІІІ орын – 7 «В» сыныбы

Жеңімпаздар мен сайысқа белсене қатысқан барлық оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы уақытта да мол жетістіктер мен биік белестер тілейміз!