16
ақпан
2026
«Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді


Лицейімізде
📅 6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында
5–11 сынып оқушылары арасында
«Әркімнің дауысы маңызды: демократиялық қоғамдағы сайлаудың рөлі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар сайлаудың қоғамдағы маңызы, азаматтық жауапкершілік, әрбір адамның дауыс беру құқығы туралы жан-жақты мағлұмат алды. Сабақ барысында пікір алмасу жүргізіліп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты саналы, жауапты азамат етіп тәрбиелеуге ықпал етеді.