16
ақпан
2026
Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі






Ерлікке тағзым – ұрпаққа үлгі 🇰🇿
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Алматы қаласы бойынша Германиядағы Кеңес Әскерінің тобы мен Варшава келісім шарт Әскерлерінің тобының ардагерлері
Каржауов Файзулла Нуруллаевич,
Жакешов Сабырхан Тилеуханович,
Нихамбаев Гулиден Диясович
арнайы қонақ болып келді.
Лицейіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің бастамасымен, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ардагерлер құрметіне салтанатты кеш және әскери эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ардагерлермен сұхбаттасып, олардың өмір жолы, әскери қызметтегі тәжірибесі, елге адал қызмет ету, отансүйгіштік пен тәртіп туралы тағылымды әңгімелерін тыңдады. Әскери эстафеталық жарыс оқушылардың ұйымшылдығын, шапшаңдығы мен патриоттық рухын арттыра түсті.
Кездесу өте жоғары деңгейде, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Бұл шара оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие болды. Ардагерлердің өнегелі өмір жолы – жас ұрпаққа әрдайым үлгі.
Осындай тағылымды кездесулер С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде патриоттық тәрбиені нығайтып, өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.