16
ақпан
2026
Абай оқулары – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі



Абай оқулары – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей қабырғасында лицейдің аға тәлімгері Акимов Саматтың ұсынысымен «Абай оқулары» іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ұлы ақынның шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, сөз өнеріне құрметін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Оқушылар Абай Құнанбайұлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, терең ойлы туындылары арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір қатысушының өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлап, Абай мұрасының мәңгілік екендігін тағы бір дәлелдеді.
Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейді.