16
ақпан
2026
Жеңіс жолы жалғасуда!


Жеңіс жолы жалғасуда!С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей үшін үлкен қуаныш!
Лицейіміздің 11-сынып оқушысы Құттыбай Зағипа қалалық «21 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында бақ сынап, 84 оқушының арасынан оза шауып, 🥇 І орынды иеленді!
Бұл — білім мен табандылықтың, ізденіс пен еңбекқорлықтың айқын нәтижесі. Зағипа өзінің терең білімімен, жылдам ойлау қабілетімен және сахна мәдениетімен ерекшеленіп, лицей намысын абыроймен қорғады.
Енді ол республикалық кезеңге жолдама алып, 18.02.2026 ж. күні өтетін додада ел намысын қорғайды.
Лицей ұжымы мен оқушылар қауымы Зағипаға алдағы республикалық сайыста сәттілік тілейді! Жеңіспен оралуыңа тілектеспіз!