16
ақпан
2026
Қалалық көркем еңбек пәнінен семинар-практикум өтті




11 ақпанда лицей директорының м.а. Досымбекова М.К. лицейдің көркем еңбек пәнінен семинар-практикумның өткізілуін ашып беріп, сөз сөйлеп, лицейдің көркем еңбек пән мұғалімдері Байгалиева Т.А., Сартбаева Г.Б., Утаргалиева Г.Ж. және қала мектептерінің тәжірибелі ұстаздарымен бірлескен жас мамандарға арналған семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді. Семинар қала мектептерінен келген жас мамандар үшін берері мол, тағылымы зор іс-шаралармен қамтылған, соның ішінде “Теория.Әдістеме.Тәжірибе.”, “дәріс - талқылау”, “шебер-сынып”, “тәжірибелік сабақ” форматтарында өткізілді. Семинарда лицейдің тәжірибелі ұстазы Байгалиева Т.А. киім (алжапқыш) бөлшектерін жобалау, дайындауда сызбалар мен үлгілерін жасаудың тиімді жолдарын топпен жұмыс істеуде тәжірибелік сабақ арқылы үйретіп, жас ұстаздар бір сабақ құрылымын жан-жақты меңгеріп шықты.
Семинарда кері байланыс орнатуда жас ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, №23 мектеп-гимназияның көркем еңбек пән мұғалімі Жарымбетова Гульсара Касымбековна семинардың барлық бөлімі бойынша қосымша мәліметтермен қамтамасыз етіп, қорытындылады.