16
ақпан
2026
Адал азамат – ел тірегі!

Адал азамат – ел тірегі!
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Адал азамат» тақырыбында тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында оқушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды асыл қасиеттердің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын білдірді.
Адал азамат – өз ісіне жауапты, сөзіне берік, еліне адал қызмет ететін тұлға. Осындай құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру – лицейіміздің басты бағыттарының бірі.
Кездесу барысында түрлі жағдаяттар талқыланып, оқушылар адал еңбектің әрқашан биік тұратынын түсінді.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі – білім мен тәрбиені қатар ұштастыра отырып, парасатты да саналы ұрпақ тәрбиелеуді жалғастыра береді.