Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес «Шеберлік шыңы» атты мастер-класста ортаға салынды.
26
ақпан
2026

Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес «Шеберлік шыңы» атты мастер-класста ортаға салынды.


Мектепте ғылыми-әдістемелік жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруға болады? Педагогтардың кәсіби өсуіне арналған ресурстарды қайдан іздеу керек және оларды сапалы білім беру үдерісіне қалай тартуға болады?

Осы және өзге де маңызды мәселелер Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес «Шеберлік шыңы» атты мастер-класста ортаға салынды. С.Ә. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің тәжірибелі ұстазы Гүлназ Сәртбаева өзінің мол тәжірибесімен оқу ісінің меңгерушілері – әріптестерімен бөлісті.

Кездесу шабыттандырарлық деңгейде өтті. Қатысушылар дәрісті жай тыңдап қана қоймай, стратегиялық басқару тақырыбына терең бойлады. Жиын барысында мынадай өзекті мәселелер талқыға салынды:

• Оқу үлгерімін бақылауды формалды «белгі қою» әдісінен дамудың қозғаушы күшіне айналдыру жолдары,
• Нәтиже беретін әдістемелік көмек жүйесін құру принциптері,
• Ең бастысы – жоғары нәтижеге жету үшін мұғалім, оқушы және ата-ана күш-жігерін біріктіру тетіктері.

Әңгіме ашық әрін сындарлы өтті. Оқу ісінің меңгерушілері ұсынылған құралдарды өз мектептерінде қазірдің өзінде қолдануға болатынын және қолдану қажеттігін атап өтті.