Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар қорытындысы
16
сәуір
2026

Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар қорытындысы


Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар қорытындысы
26.02.2026 жылы Алматы қаласында, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің конференц залында «Қолданбалы математикалық білім – заманауи оқушының басты құзіреттілігі» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – қолданбалы математикалық білімнің мазмұны мен әдістемесін жетілдіру арқылы заманауи оқушының функционалдық сауаттылығын, сыни ойлауын, логикалық талдау дағдыларын және өмірлік жағдаяттарда математикалық білімді тиімді қолдану құзіреттілігін дамытуға бағытталған педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және тарату.
Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, әдіскерлер мен жас зерттеушілер қатысты.
Аталған семинарға лицей мұғалімдері Молдаханова Г., Естемесова А.Т., Бексұлтан Б.Б., Омарғали А.М. қатысып, кәсіби тәжірибе алмасып, өзара пікір бөлісті.
Семинар барысында:
– қолданбалы мазмұндағы есептерді сабаққа кіріктіру жолдары талданды;
– функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмалар үлгілері ұсынылды;
– математикалық білімді өмірмен байланыстыру тәсілдері қарастырылды;
– тәжірибе алмасу және кәсіби пікірталас ұйымдастырылды.
Қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, практикалық ұсыныстар айтылды. Семинар нәтижесінде қолданбалы бағыттағы оқытуды жетілдіру бойынша ортақ пікірлер мен ұсыныстар қалыптасты.

Барлық әріптестерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!