21
сәуір
2026
Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, қоғам алдында жауапты тұлға болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар адал еңбектің маңыздылығы, дұрыс таңдау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы ой бөлісіп, түрлі пікірталастар мен танымдық тапсырмаларға белсене қатысты.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың саналы, парасатты, елжанды азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.