28
сәуір
2026
Діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді


Діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мектебімізде оқушылар арасында діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға діни экстремизмнің қоғамға тигізер зияны, оның белгілері мен одан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттарға сын көзбен қарау, бейтаныс адамдардың ықпалына ермеу және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Осындай жұмыстардың басты мақсаты – өскелең ұрпақты дұрыс бағытқа тәрбиелеу, олардың саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
Қауіпсіз қоғам – жарқын болашақ кепілі!