Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Эстетика пәндер кафедрасының онкүндігінің ашылуы
28
сәуір
2026

Эстетика пәндер кафедрасының онкүндігінің ашылуы







“Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру және АӘТД әдістемелік бірлестігі” кафедрасы онкүндігі «Әсемдік әлеміне саяхат» тақырыбымен салтанатты ашылуы 20 сәуірде өткізілді. Дене шынықтыру, АӘТД және эстетикалық пәндер бірлігімен түрлі іс-шаралар, ойын түрлері, Art Fantasy “Өнер және қиял” атты сурет өнері бойынша бояу құпиялары мен сырларын ашуда мұғалімдер шеберліктері мен шығармашылықтарын көрсете білді. Ашылу салтанаты тартымды, жан-жақты бағыттарды қамти отырып, ерекше форматта ұйымдастырылып өткізілді. Салтанатты ашылу барысы көктем, наурыз мерекелерімен байланысты дене шынықтыру пән мұғалімдері ұлттық тағамдарымыз қымыз, шұбат, бауырсақпен ұстаздар мен оқушыларды қарсы алып, нағыз мерекелік сәт сыйлады!
Кафедра ұстаздарына онкүндік аясында жоспарланған 20.04-30.04 аралығындағы іс-шараларының оқушылар мен әріптестері арасында берері көп, тәлімі мол бағытта өткізілуіне сәттілік!