08
мамыр
2026
Ата-аналар жиналысы өтті



Ата-аналар жиналысы өтті
Бүгін Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей қабырғасында кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында оқушылардың білім сапасы, тәртібі, оқу жетістіктері мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналарға оқу процесіндегі өзгерістер мен маңызды мәселелер туралы толық ақпарат берілді.
Ата-аналар мен ұстаздар арасындағы тығыз байланыс – оқушының жан-жақты дамуының негізгі кепілі екені атап өтілді. Жиын барысында ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мектеппен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін көрсетті.
Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады