13
мамыр
2026
"Заман айғағы"Жұлдызды есімдер


Тарих пәнінің мұғалімі Искакова Шынар Кеңесбекқызы 9 “Б”, “В” сынып оқушыларымен Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Замана айғағы. Жұлдызды есімдер. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қожықовтар әулеті» тақырыбындағы дискурсқа қатысты.
Аталған кездесу Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында өткізіліп, Қазақстанның шығармашылық зиялыларының ел тарихы мен рухани өміріне қосқан үлесін тереңірек танып-білуге бағытталып, оқушылар маңызды мәліметтермен танысты.