20
мамыр
2026
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Жазғы демалыс – балалардың тынығып, денсаулығын нығайтатын маңызды кезеңі. Осы орайда, Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушыларының қауіпсіздігіне ерекше назар аударуды сұраймыз.
Демалыс уақытында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төмендегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды өтінеміз:
• Балаларды қараусыз қалдырмау;
• Жолда жүру ережелерін сақтауын қадағалау;
• Су айдындарында тек ересектердің бақылауымен шомылуына рұқсат беру;
• Өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру;
• Электр құралдарын, газ және тұрмыстық заттарды абайлап қолдануды ескерту;
• Интернет желісіндегі қауіпсіздік мәдениетін бақылау;
• Кешкі уақытта балалардың себепсіз сыртта жүрмеуін қадағалау;
• Велосипед, самокат және өзге де көлік құралдарын пайдалану кезінде қорғаныш құралдарын қолдануын қамтамасыз ету.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жазғы демалыс әр отбасыға қуаныш, жақсы көңіл-күй және жарқын естеліктер сыйласын!