31
мамыр
2026
«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті




«Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті
№39 мамандандырылған лицей 5–11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушылар Конституцияның қоғамдағы рөлі, заң мен тәртіптің маңызы, құқық пен міндет ұғымдары туралы мағлұмат алып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, адалдық, әділдік және жауапкершілік сынды маңызды құндылықтар кеңінен насихатталды.