Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 108
1 Қыркүйек - Білім күні!
01
қыркүйек
2021
1 Қыркүйек - Білім күні!
        Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!        Сіздерді 1 қыркүйек - білім күнімен және 2021-2022 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы оқу жылы бәріміз үшін сәтті жыл болсын, мектебіміздің мәртебесі арта берсін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыстар тілейміз. Оқушыларымыздың болашағы жарқын болып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көріне берсін!     Мектеп деген білім күні, жыр күні     Мектеп деген ғылымның ең үлкені.    
Бүгін лицейде жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті.
22
мамыр
2021
Бүгін лицейде жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы (Лицейдің 2020-2021 оқу жылындағы жетістіктері). (Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Сартбаева Гульназ Балгабековна) 2. 9,11 сыныптардың қорытынды аттестациясын өткізу ережесімен таныстыру. (Директордың ОІЖО Досымбекова Меруерт Казакбаевна) 3. 2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының қорытындысы (Директордың ТІЖО Ылясов Ербол Үсенұлы) 4. Оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (онлайн форматта соңғы
"Тарихи мұраларды сақтау - біздің борышымыз" атты танымдық онлайн кездесу
19
сәуір
2021
"Тарихи мұраларды сақтау - біздің борышымыз" атты танымдық онлайн
Тарих пәнінің мұғалімі Ш.К.Искакованың ұйымдастыруымен, 18 сәуір ескерткіштерді қорғау күніне байланысты "Анаға құрмет" музейінің қызметкері Назерке Абзалқызы, лицейдің 6 "Б" сынып оқушыларымен "Тарихи мұраларды сақтау - біздің борышымыз" атты танымдық онлайн кездесу өткізді.
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
24
ақпан
2021
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
Лицейдің 5 А сынып оқушысы Исабек Амаль Республикалық "Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауында мәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.А. Динабекова. Құттықтаймыз!!!
"Директорлық сенбі-ата-ана үні" тақырыбында онлайн-кездесу
20
ақпан
2021
"Директорлық сенбі-ата-ана үні" тақырыбында онлайн-кездесу
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде 20 ақпан күні ZOOM платформасында 9-11 сыныптардың ата-аналарымен "Директорлық сенбі-ата-ана үні" тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Ата-аналарға арналған онлайн-сұхбатқа лицей әкімшілігі және лицейдің 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Онлайн кездесу барысында ата-аналар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне толыққанды жауап алды. Осындай кездесудің пайдалы екендігін айтып, екі жақты байланыс үшін ата-аналар
"Алтын сақа"  олимпиадасы
15
ақпан
2021
"Алтын сақа" олимпиадасы
2021 жылдың қаңтар айында "Зерделі" оқу орталығы ұйымдастырған 5-6 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын сақа" олимпиадасына 5 Б сынып оқушысы Алатау Мақпал қатысып, 3 орынға ие болды. Жеңімпазға 5000 теңгенің сертификаты тапсырылды. Құттықтаймыз!!!
"Ауғанда от кешкендер" тақырыбында танымдық сағаты
15
ақпан
2021
"Ауғанда от кешкендер" тақырыбында танымдық сағаты
Лицейде Ауған соғысының батырларына арналған "Даңқ" бұрышында "Ауғанда от кешкендер" тақырыбында танымдық сағаты өтті. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жүнісбек Сакен Жұмаханұлы балаларға Ауғандағы батыр ағалардың ерлігі жайлы айтып өтті. Және лицейде оқып, Ауған соғысында ерлікпен қаза болған Косилов Владимир Николаевич жайлы да айтылды. Батырлардың ерлігі ешқашан ұмыт болмайды.
"Отпен ойнама!", "Өрт қауіпсіздігі"
13
ақпан
2021
"Отпен ойнама!", "Өрт қауіпсіздігі"
1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай, 6 Б сынып оқушылары "Отпен ойнама!", "Өрт қауіпсіздігі" тақырыптарында сурет салды. #дчс#алматы