Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 26
Лицейде күзгі демалыс кезінде 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдер бірлесіп лицей ауласында тазалық жұмысы жүргізілді
09
қараша
2025
Лицейде күзгі демалыс кезінде 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдер
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде күзгі демалыс кезінде 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдер бірлесіп лицей ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты — оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және лицей ауласын таза ұстауға баулу. 🌿 Осындай ұжымдық еңбек оқушылардың бірлігі мен жауапкершілігін нығайтып, үлгі боларлық дәстүрге айналып келеді.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде 1-тоқсанның күзгі демалысы аясында ұстаздар арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
09
қараша
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде 1-тоқсанның
 С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде 1-тоқсанның күзгі демалысы аясында ұстаздар арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — ұжымдық бірлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді демалыс өткізу болды. Жарыс жоғары көңіл күйде өтіп, әр команда өз шеберліктерін көрсетіп, тамаша ойын өрнегін ұсынды. Ұстаздар арасындағы осындай спорттық шаралар ұжымның ынтымағын нығайтып, сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлайды! 
”STEM - оқуының маңызы мен философиясы” атты мектепішілік семинар ұйымдастырылып өткізілді.
09
қараша
2025
”STEM - оқуының маңызы мен философиясы” атты мектепішілік семинар
2025 жылдың 28 қазанында ШЕТЕЛ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ бойынша ”STEM - оқуының маңызы мен философиясы” атты мектепішілік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға қатысушылар: *математика, физика, биология, география, химия* пән мұғалімдері. Семинарды өткізуге жауапты: Оңтүстік Корея, Жапония, Сигнапур елдерінен 2025 жылдың тамыз айында тағылымдамадан өтіп келген ӨМІРЗАҚ МАҒЖАН ҚАЛЫМЖАНҰЛЫ Семинарда STEM, STEAM, STREAM әдістері бойынша ұжымнан құралған 5 топқа арнайы жаттыгулар бере отырып, практикалық
Республика күніне арналған көрме
30
қазан
2025
Республика күніне арналған көрме
Республика күніне арналған көрме 🇰🇿 С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Республика күніне орай жас суретшілердің шығармашылығына арналған көрме өтті. 🎨 Көрмеде оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухын бейнелейтін туындылары қойылды. Әрбір шығарма — Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің көрінісі болды. Осындай іс-шаралар арқылы лицей оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызын сезінді.
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды!
30
қазан
2025
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды!
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі АМАНОВ НҰРЖІГІТ БЕРДІБЕКҰЛЫ 2025 жылдың шілде айынан басталған “Үздік педагог” байқауының аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпазы бүгінгі күні Астана қаласында өткен салтанатты марапатттау жиынында байқаудың республикалық кезеңінің “ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды! Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменова “Үздік педагог” атағын ұсынып, төсбелгімен марапаттады. Ұстазымыздың мерейі үстем болсын! Ұстаздың мерейін өсіріп, мәртебесін үстем
Республика күнімен құттықтаймыз
30
қазан
2025
Республика күнімен құттықтаймыз
Республика күнімен құттықтаймыз! 🇰🇿 С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің директоры Маликова Найла Тоқтамуратқызы барша Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мереке — тәуелсіз елдің тұғыры мен бірлігін, елдік рух пен азат ойдың символы. Республика күні — әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен отаншылдық сезімін ұялататын айрықша күн. Біздің лицей ұжымы да осы ұлы мерекеде елдің өркендеуіне үлес қосып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, бейбітшілік пен
Республика күніне арналған мереке!
30
қазан
2025
Республика күніне арналған мереке!
 Республика күніне арналған мереке! 🇰🇿 Бүгін С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Республика күніне орай рухы биік, мазмұны мәнді шара өтті. Лицей оқушылары ұстаздарын домбыраның қоңыр үнімен қарсы алып, жүрекжарды тілектерін білдіріп, ұлттық рухта құттықтады. 🎶 Іс-шара барысында барша ұжым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігінің биік үлгісін көрсетті. 💙 🇰🇿 Республика күні – Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айрықша мереке.
“Алматы дарыны” орталығы ұйымдастырған «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі өтті.
30
қазан
2025
“Алматы дарыны” орталығы ұйымдастырған «Ақберен» республикалық өнер
Бүгін, 23.10 күні “Алматы дарыны” орталығы ұйымдастырған «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі өтті. Дарынды оқушыларымыз байқауға қатысып, жүлделі болды! 🏆Әскербек Арон “Ұлттық аспапта өнер көрсету” бағыты бойынша 3-орын! Жетекшісі: Динабекова А.А. 🏆Арғынбай Ұлбике “Ақындық мүшәйра” бағыты бойынша сертификат иеленді! Жетекшісі: Кенжалиева Ж.К. Құттықтаймыз! Жарайсыздар!
Эрнстова Роза Мамырбековна “Асық ату” СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР (Кандидат мастер спорта) атағын алды
30
қазан
2025
Эрнстова Роза Мамырбековна “Асық ату” СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Эрнстова Роза Мамырбековна “Асық ату” СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР (Кандидат мастер спорта) атағын алды! Құттықтаймыз
Алматы қаласы Алмалы аудандық Ұлттық мектеп лигасының баскетбол жарысы
30
қазан
2025
Алматы қаласы Алмалы аудандық Ұлттық мектеп лигасының баскетбол жарысы
Алматы қаласы Алмалы аудандық Ұлттық мектеп лигасының баскетбол жарысы 🏀 30 мектептің ішінен ерекше шеберлік танытып, 9–11 сынып оқушылары арасында командалық есепте ІІ орын иеленген №39 мамандандырылған лицейдің ұлдарын шын жүректен құттықтаймыз! 👏 Команда құрамында: Талтус Мұрат – 10 «А» Ділшат Асанәлі – 11 «В» Алтынбек Хангелді – 11 «В» Қарашев Алишер – 11 «В» Нұрланұлы Бекхан – 10 «А» Омаров Альнур – 10 «А» Нұрахмет Әділет – 10 «А» Еренкаип Нұрсұлтан – 10 «А» 🏅 Дайындаған: дене шынықтыру