Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 86
Әлем чемпионатының жүлдегері
31
тамыз
2023
Әлем чемпионатының жүлдегері
Қуанышты жаңалық🥳, лицейіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Олжатай Айбат Америкада өткен «Pan Kids IBJJF Jiu-Jitsu Championship 2023» әлем чемпионатының🥉қола жүлдегері, сондай ақ Джиу-джитсудан Дүниежүзі Кубогының күміс жүлдегері🥈атанды, құттықтаймыз!
Дарынды балаларды оқытуда елеулі үлес қосқан үшін лицей директоры  марапатталды
16
тамыз
2023
Дарынды балаларды оқытуда елеулі үлес қосқан үшін лицей директоры
Лицейіміздің директоры Найла Тоқтамұратқызын кезекті медальімен құттықтаймыз, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмыста үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз!  
“Мектепке жол” акциясы
02
тамыз
2023
“Мектепке жол” акциясы
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында “Мектепке жол” акциясы өтеді. Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау. Балаларды жаппай оқумен қамту жұмыстарын ұйымдастыру. Акцияға барлық көмек қолын созам деушілер қатыса алады. Толық ақпаратты мына телефон нөмірге хабарласып біле аласыздар: Байланыс телефоны: 8 705 688 22 64
«Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері»
04
шілде
2023
«Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері»
«Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері» рейтингісі жасалды. 📊Жалпы пәндік олимпиада негізінде жасалған рейтингте лицейіміз Қазақстанның мектептері арасында 75-орынға жайғасты. Бұған дейін бұл олимпиада негізінде лицейіміздің оқушылары республикалық кезеңде 🥈1 күміс, 🥉2 қола медаль жеңіп алған болатын. Құрметті ұжым және оқушылар мен ата-аналар, лицейіміздің абыройы асқақтап, жеңістің шыңдарын бағындыра берейік!
Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды
26
маусым
2023
Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды
Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды Биыл қалада мектепті 14 876 түлек бітіріп, оның 474-і «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. «Алтын белгі» жоғары наградасын әрбір түлекке Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімі және білім беру саласының ардагерлері табыстады. Салтанатты жиын кезінде түлектердің шеруі өтті. Бұған қоса, биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль еншілеген мегаполис
«Сәт сапар саған жас түлек»
21
маусым
2023
«Сәт сапар саған жас түлек»
21.06.2023 ж. Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей 11-сынып оқушыларына «Сәт сапар саған жас түлек» тақырыбында аттестат табыстау салтанатты жиыны өтті. Биылғы жылы лицейімізді 133 түлек аяқтап оның 🏅6 «Алтын белгі» төсбелгісі иегері, 📕27 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанып отыр. Бітіруші түлектерімізге сәттілік тілей отырып, өмірде өз орнын табуларына тілектеспіз!
9-11 сынып оқушылар арасында футболдан турнир
07
маусым
2023
9-11 сынып оқушылар арасында футболдан турнир
Лицейімізде 9-11 сынып оқушылар арасында шағын футболдан турнир өткізілді, барлық сынып толығымен қатысқан жарыста 10 «ә» сыныбы директор кубогын жеңіп алды, құттықтаймыз!
Ходжиков музейіне экскурсия
07
маусым
2023
Ходжиков музейіне экскурсия
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей 9-сынып оқушылары Ходжиков музейіне экскурсияға барып, ақпарат алып қайтты!
World Robotics Olympiad жарысының облыстық кезеніңінен 1-орын
07
маусым
2023
World Robotics Olympiad жарысының облыстық кезеніңінен 1-орын
Біздің оқушылар Рахимбердиева Альфия, Досжанқызы Адель 3 маусым айында өткен Назарбаев Зияткерлік мектеп төңірегінде өткен World Robotics Olympiad жарысының облыстық кезеніңде 13-15 жас аралығындағы future innovators санатында Ақылды кеме және контейнер ғылыми жобасымен облыстың үздік мектептерін озып 🥇1-орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдау алды. Және 5-сынып оқушылары Баймырза Данияр, Құрманғали Данияр ақылды көмекші робот жасап кіші санатта🥈2-орын иеленді!
Әл-Хорезми атындағы халықаралық математика олимпиадасының 🥈 күміс жүлдегер
07
маусым
2023
Әл-Хорезми атындағы халықаралық математика олимпиадасының 🥈 күміс
Лицейіміздің оқушысы Дидарбекова Анар Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Әл-Хорезми атындағы халықаралық математика олимпиадасының 🥈 күміс жүлдегері атанды!