Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 9
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы
01
ақпан
2022
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты
Бүгін 1-ақпан күні лицейімізде Өзін-өзі тану пәнінің 1-11 аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылуы болды.  Оқушылар өзін-өзі тану пәнінің авторы, Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбек жолы туралы ақпарат ала отырып,  өздерінің өмірінде бұл пәннің алар орны, нағыз адам болып қалыптасу үшін бойларына жалпы адамзаттық 5 құндылықтың, одан шығатын қасиеттердің  маңызы зор екенін   айтты.  «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік” пен “Менің  өмірімдегі үздік адамдар”  тақырыбында тәрбие сағаттары
26
қаңтар
2022
“Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік” пен “Менің өмірімдегі үздік адамдар”
Бүгін  “Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік” пен “Менің  өмірімдегі үздік адамдар”  тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілер оқушыларға мұз үстінде қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында ескертпелерін қысқаша бейнежазба ретінде көрсетіп, балалардың өміріндегі үздік адамдары жайлы ой қозғады.
"Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегерімен кездесу
21
желтоқсан
2021
"Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегерімен кездесу
Бүгін "Алматының жыл мұғалімі - 2021" байқауының бас жүлде иегері, лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нуржігіт Бердібекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Нұржігіт ағай балалық шағын, ұстаздық ету жолына келуі жайлы айтты. Абай Құнанбайұлы айтқан "толық адам" бейнесін толық ашып айтты. Өзгені сыйлау үшін алдымен өзіңді сыйлаудан бастау керегін түсіндірді. Осындай кешті ұйымдастырған Құдайберген Ағайдарұлына және Әсем Қанатқызына алғысымызды білдіреміз! 
«Ыбырай Алтынсарин-ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой» интеллектуалдық ойыны
11
желтоқсан
2021
«Ыбырай Алтынсарин-ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой» интеллектуалдық
«Ыбырай Алтынсарин – ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой» интеллектуалдық ойыны Халықтың келешегі үшін мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы мен халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік ізгі істердің ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин.  Қазіргі таңда еліміздің жастары білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуына, өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жаңғыруына себепші ұлт
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсімі
10
желтоқсан
2021
Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына лицей
Бүгін, желтоқсанның 7-сі күні салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына лицей оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды өткіздік. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің, бейбітшілдік пен
"Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері" кафедрасының онкүндік салтанатты ашылуы
03
желтоқсан
2021
"Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері" кафедрасының онкүндік
02.12.2021 ж. Лицейдің акт залында "Мәңгілік - мәртебелі тіл" тақырыбында  "Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері" кафедрасының онкүндік салтанатты ашылуы  6 "А" сыныппен Косалбаева С.М. жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді. Оқушылар өздерінің көркем өлең оқу, ән-би, т.б. өнерлері арқылы онкүндік тақырыбының мәнін, маңыздылығын аша білді.
"Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы"
02
желтоқсан
2021
"Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы"
Бүгін "Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы" атты Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік кеш өтті. Кеште Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны, еліміздің тәуелсіздігін алу жолындағы қажырлы еңбегі, еліміздің дамуына қосқан үлесі жайлы сөз қозғалды. Ботакөз Дәулетқызы мен ГауҺар Шегебайқызы ұйымдастырған шарада оқушылар би билеп, әсем әндерін паш етті. Көрермендерге    Н.Ә. Назарбаев жайлы викториналық сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.  Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы
1 желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні
02
желтоқсан
2021
1 желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні
1-желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні. Осы орайда 30.11.2021ж Молдаханова Гулназ Бейсеновнаның жетекшілігімен 10 "В" сынып оқушылары 7-9 сынып оқушыларына АҚТҚ мен ЖҚТБ аурулары жайлы ақпарат берді. АҚТҚ инфекциясының таралу жолдары мен ЖҚТБ деңгейіне дейінгі өршу жолдары, оларды алдын алу шаралары ескертілді. Бұл ауруларға ем табылмағанын, бірақ бұл бағыттағы зерттеулер қарқынды және жеткілікті түрде жүріп жатқандығы айтылды.
Мен және менің құқығым
25
қараша
2021
Мен және менің құқығым
23.11.21 жылы күні 9-сыныптар арасында "мен және менің құқығым" тақырыбында оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде оқушының құқығы мен міндеттері жайлы сөз қозғалды. Оқушылар өзара пікір алмасып, құқық жайлы түсініктерін кеңейте түсті.
Дебат ойыны
20
қараша
2021
Дебат ойыны
"Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігінде дебат ойыны өткізілді. Ең алдымен дебаттың негізгі ережелерімен және өзіндік тәртібімен оқушылар таныстырылып өтті. "Әлеуметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?" деген тақырыпта 10-сынып оқушылары жақтаушы және даттаушы топтар болып пікір таластырды. Дебат 3 бөлімнен тұрды. 1) 2 палата өз позициясын ұстана отырып нақты фактілермен сөйледі. 2) Жақтаушы және даттаушы топтар өзара сұрақ алмасты. 3) Екі палатаның