Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе байқауында лицей ұстазы ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды
02
қыркүйек
2025
«Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты 2025 жылдың 12 мамыр мен 11 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдерінің арасында «Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізіп, нәтижесінде ІІІ дәрежелі диплом жүлдегері боп лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қараева Нұрсәуле Болатханқызы марапатталды. Құтты болсын!
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі!
13
тамыз
2025
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі!
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі! 2025 жылдың 12-тамызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» атты республикалық педагогикалық тамыз конференциясы аясында өткен III және IV шығармашылық семинарларға лицейіміздің математика пәні бойынша тренер Асқар Аманжол және математика пәні мұғалімі Молдаханова Гулназ қатысты. Біздің ұстаздар «Пәндік
Лицей мұғалімі Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шарада топ жарды
13
тамыз
2025
Лицей мұғалімі Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына арналған
Алматы қаласы білім Басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Алматы қаласы ұстаздарының арасында Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы” атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысынан лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы топ жарып жүлделі 1-орынға ие болды. Іс-шара 12 тамыз күні ұйымдастырылып өткізілді.
Жеңіс бірлікте
29
мамыр
2025
Жеңіс бірлікте
Жыл бойынғы нәтиже бойынша 2024–2025 оқу жылында Алмалы ауданы бойынша өткен спорт жарыстарында С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей ұстаздары зор жетістікке қол жеткізді. 🏆 🎓 Ұлттық мектеп лига ойындарында және интеллектуалдық байқауларда лицей оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, аудан бойынша 29 білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды иеленді. Бұл – кәсіби біліктілік пен үздіксіз ізденістің жемісі!
Лицей ұстазы қалалық олимпиададан жүлделі орынға ие болды.
11
мамыр
2025
Лицей ұстазы қалалық олимпиададан жүлделі орынға ие болды.
Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, “Алтын жұлдыз”, “Отан” орденінің иегері, педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Миразова Аягүл Төреқызы атындағы математика пәні мұғалімдеріне арналған І қалалық олимпиадасының 2-орын иегері, Алматы қаласы Білім басқармасының ІІ дәрежелі Диплом иегері математика пәні мұғалімі Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлын құттықтаймыз! 
28.03.2025 ж лицей мұғалімдерінің тәжірбие таратуы
10
сәуір
2025
28.03.2025 ж лицей мұғалімдерінің тәжірбие таратуы
 28.03.2025 Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру және білім беру сапасын жақсарту мақсатында авторлық бағдарламалардың тиімді әдістерін таныстыру, тәжірибе тарату 
Лицей ұстазы “Құрмет грамотасы” марапатымен марапатталды.
24
желтоқсан
2024
Лицей ұстазы “Құрмет грамотасы” марапатымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Н.Б. Республикалық “Үздік педагог-2024” байқауының қалалық кезеңіне қатысып, белсенділік танытқаны үшін Алматы қаласы Білім басқармасының “Құрмет грамотасы” марапатымен марапатталды. Құтты болсын!👏👏👏 Болашақта республикалық “Үздік педагог” байқауының жеңімпазы атануыңызға тілектеспіз.
Лицей ұстазы XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның 1-орын жеңімпазы
24
желтоқсан
2024
Лицей ұстазы XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның
Лицейідің математика пән мұғалімі Молдаханова Г.Б. XXIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның “Актуальные научные исследования” тақырыбындағы “Физика-математика ғылымдары” секциясында 1-орын алып, жеңімпаз атанды! 🌟 🔬 Ғылыми жұмысының тақырыбы: “Вариационно-итерационные решения некоторых уравнений Риккати”. 📅 15 желтоқсан 2024 жылы, Ресей Федерациясы, Пенза қаласында бұл еңбек ғылыми ортада жоғары бағаланды. Құттықтаймыз
Физика пәні ұстаздарымыз VIII қалалық шығармашылық байқауынан жүлделі орынға ие болды
09
желтоқсан
2024
Физика пәні ұстаздарымыз VIII қалалық шығармашылық байқауынан жүлделі
Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы физика пәні мұғалімдерінің  VІІІ облыстық (қалалық) шығармашылық байқауына қатысып, физика мұғалімдері Наукенов Д.Д.  1-орынды, Жәңгірбай Д.М. 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
“Еl Umiti” жобасына қатысып, қола медаль иегерлері атанған лицейіміздің мұғалімдері
29
қараша
2024
“Еl Umiti” жобасына қатысып, қола медаль иегерлері атанған
“Алматы дарыны” орталығының “Еl Umiti” жобасына қатысып, қола медаль иегерлері атанған лицейіміздің мұғалімдері: 1. Жәңгірбай Д.М. - физика пәнінің мұғалімі 🏅 2. Омарғали А.М. - физика пәнінің мұғалімі🏅 3. Бексұлтан Б.Б. - химия пәнінің мұғалімі🏅 Құттықтаймыз! 👍👏👏👏