Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 31
"Елбасы медалі" жобасы
31
наурыз
2021
"Елбасы медалі" жобасы
Лицейдің 9 "Б" сынып оқушысы Нүсіпбеков Әділет 2020 жылдың тамыз айынан бастап "Елбасы медалі" жобасына қатысып, әр бағыттары бойынша өз шығармашылығын, білімін жоғарыдан көрсетті. 2021 жылдың 31 наурызында Алматы қаласының "Дарын" орталығында салтанатты түрде марапаттау сәті өткізілді. Нүсіпбеков Әділет күміс медальдің иегері атанып, лицей даңқын асқақтатты. Құттықтаймыз!!!
"Адамзат даналығының бастаулары" атты тақырыпта танымдық сабағы
19
наурыз
2021
"Адамзат даналығының бастаулары" атты тақырыпта танымдық сабағы
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, C.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 9 сынып оқушылары лицей кітапханасында "Адамзат даналығының бастаулары" атты тақырыпта танымдық сабағы өтті. Сабақ барысында Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің шығармаларын талдап, ой бөлісті.
"Наурыз ұлы мереке", "Наурыз бірліктің мерекесі", "Қош келдің Наурыз көктемім"
17
наурыз
2021
"Наурыз ұлы мереке", "Наурыз бірліктің мерекесі", "Қош келдің Наурыз
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, лицей оқушылары арасында "Наурыз ұлы мереке", "Наурыз бірліктің мерекесі", "Қош келдің Наурыз көктемім" тақырыптарында эссе жұмыстары жүргізілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
17
наурыз
2021
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, C.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 7 В сынып оқушысы Арғынбаев Ислам, Мұхтар Әуезовтің "Жетім" әңгімесінің қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынады. https://www.instagram.com/tv/CMgUHLLA3WD/?igshid=u8lt179ejvhk https://www.instagram.com/tv/CM3s3wwgyPV/?igshid=x2t7mchxoznu
"Тули 4-1 гып" бағдарламасы
16
наурыз
2021
"Тули 4-1 гып" бағдарламасы
Лицейдің 10 Ә сынып оқушысы Абенов Адиль Таэквондо-до ITF Қазақстан Республикасының чемпионатына "Тули 4-1 гып" бағдарламасы бойынша қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. Адильді жеңісімен құттықтаймыз!
"Массоги 10-5 гып" бағдарламасы
16
наурыз
2021
"Массоги 10-5 гып" бағдарламасы
Лицейдің 10 Ә сынып оқушысы Абенов Адиль Таэквондо-до ITF Қазақстан Республикасының чемпионатына "Массоги 10-5 гып" бағдарламасы бойынша жүлделі 1 орынға ие болып, "Таэквондо ITF" Ұлттық спорт федерация президентінің алғыс хатымен марапатталды. Адильді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Лицейде Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесіне арналған сынып сағаттары өтті
16
наурыз
2021
Лицейде Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесіне арналған сынып
Мақсаты: Балалардың бойында ұлттық дәстүрге деген құрметті арттыру және Наурыз мерекесінің қасиетін түсіндіру
Онлайн шахмат жарысы
13
наурыз
2021
Онлайн шахмат жарысы
Оқушылардың интеллектуалды дағдыларын дамыту мақсатында, лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шакиров Ерсін Ержанұлы 8 сынып ұлдары арасында онлайн шахмат турнирін ұйымдастырды. Турнирге 8 оқушы қатысып, үздіктер анықталды. 8 Б сынып оқушысы Әбдішүкір Айбек 1 орынға ие болса, 8 В сынып оқушылары Ермекбай Рамазан 2-орын, Ержанұлы Аян 3 орынға ие болды.