Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы лицей музейі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы лицей музейі
01
қыркүйек
2018

Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы лицей музейі

Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы музей 2018 жылы Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Музейдің ашылуына Сұлтан-Ахмет Қожықовтың көзін көрген елге танымал актерлардың, ақындар мен әншілердің қатысуымен республика көлемінде аталып өтілді. Музейді жасақтауға қолдау білдірген Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамының кинорежиссері-Ұлжан Қолдауқызы. Музейде «Қыз Жібек» фильмін түсіруде қолданған костьюмдер, әшекей бұйымдар, фотоаппараттар және фильм түсіру кезіндегі фотосуреттер қойылған. Сонымен бірге Сұлтан-Ахмет Қожықовтың өзі киген киімдері мен өзі қолданған бұйымдар қойылған. Аталған музей лицейдегі ең құнды, тарихи жәдігерлер толы қасиетті орын. Лицейге келген қонақтар Қазақтың біртуар ұлы, кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықов жайлы құнды мағлұматтар алуға мүмкіндіктері бар. Музейдің есігі әрқашан сіздер үшін ашық.