Лицейдің АӘД және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы - ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Лицейдің АӘД және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы - ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды
22
қазан
2019

Лицейдің АӘД және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы - ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды

С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің Алғашқы әскери дайындық (АӘД) және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сәкен Жұмаханұлы Жүнісбекке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұрпақ санасына білім сәулесін құйып, мемлекет болашағы саналатын жастардың білікті маман болып қалыптасуына қосып жатқан елеулі еңбегі үшін зор алғыс білдірді. Алғыс хатты Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ходжабергенова Гулнар Махақызы табыстап, мәртебелі мұғаліміміздің кәсібіне сәттілік және береке тіледі. Сәкен Жұмаханұлының шәкірттері республикалық "Сардар" олимпиадасының және байқаулардың жеңімпаздары. Сонымен қатар Сәкен Жұмаханұлы 2018 жылы KYODOKYOKUSHIN каратэден әлем чемпионының жүлдегері.