"Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасы "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасы "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы
14
қыркүйек
2019

"Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасы "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы

Құттықтаймыз!
"Қобыланды батыр" жырын жатқа айтудан "Qazaq Epos" республикалық ағарту жобасы "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқауының Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша жыр додасы болып өтті. Байқауға 29 мектептен кіл жүйріктер қатысып, бақтарын сынады. Осынау жыр додасында математика мен физиканың майталманы болған шәкірттеріміз жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар атанып, 132 беттен тұратын жырды толығымен жаттап, өздерінің әдебиетке деген қызығушылықтарының жоғары екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Ұстаздарының үміті мен сенімін ақтаған шәріттеріміздің төртеуі бірдей ақтық сынға шығып , бақтарын сынады.
9 "Г" сыныбының оқушылары Боранғазы Бауыржан І орынды алса, ІІІ орынды Масымхан Аяулым жеңіп алды. Жетекшісі: Мұхамеджанова Айгүл шәкірттерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтай отырып, қалалық кезеңде сәттілік тілеп қаламыз.