Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат – ел тірегі»
17
желтоқсан
2025

«Адал азамат – ел тірегі»


С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушылардың бойына адалдық, жауапкершілік, әділдік пен отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында адал азаматтың қоғамдағы рөлі, шыншылдық пен еңбекқорлықтың маңызы, заңға бағыну мен өз ісіне жауапкершілікпен қарау мәселелері кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, адалдықтың адам өміріндегі орны туралы түсініктерін арттырды.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты адал еңбек етуге, әділ болуға, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Адалдық – әр азаматтың өмірлік ұстанымы, ал адал азамат – жарқын болашақтың кепілі.