24
қараша
2025
«Адал азамат – қоғам айнасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

С.А. Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейінде
«Адал азамат – қоғам айнасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
🔸 Сабақтың мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
🔹 Тәрбие сағатында оқушылар:
– адалдықтың жеке тұлғаға және қоғамға әсерін;
– әділ болудың маңызын;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдарын;
– күнделікті өмірде адал әрекет жасаудың нақты мысалдарын
талқылады.
🔸 Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, адал азамат болудың үлгісін көрсететін жағдайларды талдап, бейнематериалдармен танысты.
🔹 Лицейде оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне басымдық беріліп, адалдық құндылығы әрдайым басты бағыт ретінде насихатталады.