Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
01
ақпан
2026

Ашық сабақтар айлығы




Тарих пәнінің мұғалімі Косалбаева Салтанат Мұратқызы 5”А“ сыныбымен “Тасмола археологиялық мәдениеті “ тақырыбында өткен ашық сабағының мақсаты: оқушылар Тасмола археологиялық мәдениеті арқылы ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттайды, табиғатқа, дінге, салт-дәстүрге қатысты көзқарастарын түсіндіріп, мысалдармен дәлелдей алады.
Сабақты ұйымдастыруда қолданылған әдістер
топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы сыни ойлау әдістері, ойын технологиялары, АКТ және ЖИ мүмкіндіктерін қолданып, тапсырмалар орындалды. Оқушылардың білімін бағалауда формативті бағалау балалардың білімді қаншалықты меңгергендерінің көрсеткіші бола білді.
Жаңа білімді меңгертуде бейнеролик (ЖИ) – оқушылардың белсенділігін арттырып, қызығушылықты арттырды, тақырыпты түсінуді жеңілдетті.
Өткен білімді өзектілеуде «Конверт әдісі» ұтымды болды.
Топтық жұмыс (пазл, шын/жалған, сөзжұмбақ, салыстыру) – ынтымақтастық пен сыни ойлауды дамытты.
Жеке жұмыс «Допты қағып ал» – барлық оқушының қамтылуымен тиімді болды.
«Umaigra» қосымшасымен алған білімдерін бекітсе, «Gynzy» онлайн тақтасымен рефлексия жасалып, сабақты меңгеру деңгейін, мұғалімнің шеберлігін анықтады!

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы