Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
31
қаңтар
2024

Ашық сабақтар айлығы




Химия пәнінен Бексұлтан Б.Б. 8 “Ә” сыныбымен “Отынның жануы және энергияның бөлінуі. Жылыжай эффектісі. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Термохимиялық теңдеулерге есептер шығару” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сыныпты топқа бөлуде “Кездейсоқ бөліну” әдісін, үй тапсырмасын тексеруде “bamboozle.com” сайтын қолданды. Жаңа сабақты миға шабуыл әдістерін қолданып, бейнематериал арқылы тыңдалым болды. Экологиялық мәселелерді қозғап, термохимиялық теңдеулерге есептер шығарылды. 3 топ 3 түрлі бағытта тапсырмалар орындап, топтың ішіндегі оқушылармен жұптық жұмыс орындалды. Wordwall.net арқылы жаңа білімді меңгеру барысын тексеруде кері байланыс ойын-шоу әдісімен білімдерін бекітті. “Бағдаршам” әдісімен рефлексия жасалып, сабақ барысында берілген бағалау парақтары арқылы әр оқушының өзін бағалауы қорытындыланды. Жас ұстазға ізденіс пен шығармашылық тілейміз!

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
15 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлағы