Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
27
желтоқсан
2023

Ашық сабақтар айлығы



Физика мұғалімі Наукенов Д.Д. 05.12 күні 9 “Б” сыныбымен “Тұрақты ток” тақырыбында өткізген ашық сабағының мақсаттары айқын қойылған. Ұйымдастыру кезеңінде “Castlots” әдісімен сынып тобын екі топқа бөлді. Жағымды психологиялық ахуал тудыра отырып, “Ойлан, тап!” “Tarsia maker” әдісімен өткен білімдерін тексерді. Prezi.com пайдаланып, фотосуреттер арқылы жаңа тақырып мазмұнын ашты. Сабақ барысында білімдерін өзектілеуде “ Миға шабуыл” , “Answergarden” онлайн сервисінің көмегімен кері байланыс жасалды. “Кім жылдам” арқылы топтық жұмыста оқушылар есептер шығарып, балдық жүйемен бағаланды. “Менің сабақтағы көңіл-күйім” әдісімен рефлексия жасалды.