Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
27
желтоқсан
2023

Ашық сабақтар айлығы




Физика мұғалімі Жумагулова А.Ж. 30.11 күні “Ашық сабақтар айлығы” аясында 7 “Ә” сыныбымен “Серпімділік күші, Гук заңы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсатына сай сабақтың ұйымдастыру бөлімінде “The hat.com” платформасымен оқушыларды топқа бөліп, үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақтағы білімдерін “Music BOX” әдісімен өзектіледі. “Арқын тартыс” ойыны арқылы балаларға ой қозғау жүргізіп, жаңа сабақ тақырыбы таныстырылды. Жаңа білімді қалыптастыруда “Phet Colorado” бағдарламасы арқылы виртуалды зертханалық жұмыс көрсетіліп сабақты түсіндірді.
Жаңа білім бойынша тапсырмалар барысында жеке және топтық жұмыстар болды. “Ойлан, есепте!” әдісімен жеке жұмыс оқушылармен жеке жұмыс орындалды. Топтық жұмыста екі топқа өлшеу, есептеу барысында тапсырмаларды постер қорғау арқылы жүзеге асырылды. Алған білімдеріне кері байланысты “Жасанды интеллекті” қосып, қойған сұрақтарына оқушылар жауап беріп, білімдеріне бақылау жасалды. Сабақ соңында оқушылардың БТЖ әдісімен рефлексия жасалды. Сабақты ұйымдастырып өткізуде ұлттық құндылықты физикамен байланыстыра білді!