«Тілдер» кафедрасының онкүндігі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілдер» кафедрасының онкүндігі
25
сәуір
2023

«Тілдер» кафедрасының онкүндігі

«Тілдер» кафедрасының онкүндігі аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман Шоханова Т.А. 14.04 күні 7А сыныппен “Nature’s helping hand” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліге арттыруға негізделді. Топқа бөлуде “Flashlight” әдісін қолданып, сабақ барысында flippity.com, classroomscreen.com, gimkit.com веб платформалары пайдаланылды. Топтық жұмыс ретінде Natural remedies: lemon & ginger” туралы qr-code-пен мақала беріліп, оқушылар ағылшын тілінде постер қорғады. Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтары жоғары болды, және тақырыпты жетік меңгерді. Сабақ пайдалы ақпаратқа толы, жүйелі өтті.
Сонымен қатар, ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман Кахарманова Н.А. 14.04 күні 6 “В” сыныппен “Markets around the world. Relative pronouns“ тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты- оқушылардың әлеуметтік-мәдени және шеттілдік құзіреттіліктерін дамыту. Сабақ барысында ағылшын тілінің қатыстық есімдіктері туралы грамматика түсіндіріліп, wordwall.net платформасында білімдерін бекіту мақсатында “relative pronouns quiz” ойнатылды. Қазақстан және Англияның нарық базарлары туралы видеомен жұмыс жасалды. Топқа бөлуде puzzle жинау арқылы жаңылтпашты табу техникасы қолданылды. Топтық жұмыс ретінде «Dubai Mall» және «American Forum shops» туралы оқылым тексті беріліп, солар бойынша оқушылар қызықты постер қорғап сөйлеу дағдыларын арттырды. Feedback (кері байланыс) ретінде 3D Basketball презентациясы пайдаланылып, топтық “basketball quiz game” ойнатылды. «Tiktok» әдісімен сабаққа рефлексия жасалды.Топ сабаққа өте белсенді қатысып, жаңа тақырыпты жетік меңгергені байқалды. Сабақ қызықты ақпаратқа және ойындарға толы болды. Оқушылардың жоғары белсенділігімен және өзгеше әдістермен есте қалды.