"Галогендердің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Галогендердің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ
08
ақпан
2023

"Галогендердің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ

Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында 02.02.23 ж.химия пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Бидайбекова Г.И. 10 "А" сынып оқушыларымен "Галогендердің тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, құбылыстарды химия ғылымы тұрғысынан түсіндіру болды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, білімдерін жетілліруге арналған тапсырмалар оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін кейбір құбылыстарды түсінуге көп көмегін тигізді. Мұғалім сабақ барысында Kahoot бағдарламасы арқылы "Менен сұрақ,сізден жауап" тәсілін қолланды. Жаңа сабақ барысында "топтық, жұптық жұмыстарды QR код әдісімен жүргізді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті, пән мұғаліміне осындай сабақты тек мектепте ғана өткізбей, аудан, қала көлеміндегі семинарларда тәжірибесімен бөлісу керектігіне мектеп әкімшілігі ұсыныс білдірді. Бұл сабақтың білім жағынан оқушыларға, әдістеме жағынан жас мұғалімдерге берері мол сабақ түрі болды.