Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі
29
желтоқсан
2021

Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері білікті, тәжірибелі ұстаздар К.С. Санжиева 8 "А" сыныбымен "Sport and hearth: Contitionals" атты ашық сабағында қолданған әдіс-тәсілдері тілдік 4 дағдыларын қалыптастыруда бейнематериал, аудиотыңдалым және кестелер мен ақпараттық тың мәліметтерді талдау, талқылау арқылы жүйелі түрде жаңа білімді меңгертті және сабақтың дидактикалық тұрғыда қамтамасыз етілуі жан-жақты қарастырылды.  Г.Н. Диханбаева  7 "Ә" сыныбымен "Environmental problems" тақырыбымен  оқушыларды топқа бөліп, экологиялық проблемалар барысында оқушылармен бірлесе   әртүрлі әдістер арқылы кең көлемде әр бағытта мәселелер постер арқылы талқыланып, тілдік 4 дағдының барлығына әдістерді ұтымды және оқушылар үшін тиімділігін таныта сапалы білім беру барысын көрсетті. Жас маман Ж.Н. Мырзагулова 9 "А" сыныбымен "TheBorgen Projeсt" атты сабағында мұғалім оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын оята білді. Сабақ барысы дидактикалық қамтылуы, ақпараттық көрнекіліктер деңгейі оқушының жан-жақты білім алуына пайдалы да, тиімділігін қарастыра қолдана білді. Ағылшын тілі пән мұғалімдері  сабақтарында  оқушылардың тілге деген қызығушылықтары мен ізденістері, белсенділіктерін әр қырынан көрсете білді. Сондай-ақ, Г.Н. Бектурганованың жетекшілігімен "Ы. Алтынсарин - ұлт ұстазы. 180 жылдық мерейтой" тақырыбымен интеллектуалдық ойын. Г.Н. Диханбаева, К.С. Санжиеваның жетекшілігімен "Отаныңа деген патриотизм мен сүйіспеншілік" тақырыбында ағылшын тілінде 11 сынып оқушыларымен Британдық форматта  оқушылардың білімділігін, ізденісін, шығармашылығын таныта керемет іс-шара дебат-пікірсайысын көрсетті.