Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі
29
желтоқсан
2021

Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі

2021 жылдың 13.12 күні қоғамдық-гуманитарлық  пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндік қорытындысы мен жабылуында кафедра жетекшісі  Г.Д. Бектурганова және кафедраның тәжірибелі ұстаздарының жетекшілігімен  "Ұтымды әдіс-тәсілдер әлемі" атты әдістемелік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға жас мамандар мен лицейдің ұстаздары қатысып, тарих пәні мұғалімдері  М.Ж. Утенованың жетекшілігімен жағымды психологиялық ахуал орнатудың маңыздылығы мен ақпараттық технологияның тиімділіктері туралы, Ш.К. Искакова -  өткен сабақты өзектілеу, жаңа тақырып бойынша білімдерін бақылау ойын арқылы жүзеге асыруда оқушылардың пәнге деген қызығушылығы және білімді меңгеру барысын белсендіру барысында ұстаздармен тәжірибелік жұмыс істеду, Г.Д. Бектурганова - сандық технологияның  wordwall.net,  onlinetestpad.com сияқты сандық/ақпараттық технология сайттары және платформаларымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін көрсетті. К.С. Санжиева - ақпараттық, сандық технологияның flippity.net  арқылы өткен сабақтарды қайталау, жаңа білімге тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында қолданатын тәсілдермен таныстырып, семинарға қатысушылармен өзара тәжірибелерімен алмасу жұмыстары жүргізілді. Семинардың ұйымдастырылу формасы коммуникативтік бағытта өзгеше бағытта өткізілді.