Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі
28
желтоқсан
2021

Онкүндік күнделігінен / Қоғамдық-гуманитарлық ПМК онкүндігі

ҚГПМ кафедрасы онкүндігі. Тіл пәндерінде, соның ішінде ағылшын тілі пәнінде басты ұстаным білімгерлердің тілдік 4 дағдыларын қалыпастыруда оқылым, тыңдалым, жазылым,  айтылым  оқушының коммуникативтік дағдылары. Осы орайда  топпен, жұппен, жеке-дара жұмыстары арқылы бейнематериалдар, аудиожазбалар, өзіндік пікірлері мен сөйлеу дағдылары барысында сандық, ақпараттық технологиялар әдістерін, элементтерін ұстаздар тиімді қолдана білді. Ашық сабағын беріп, тәжірибесімен бөліскен кафедра жетекшісі, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Д. Бектурганова 10 "Б" сыныбымен  "Biofuels" тақырыбында пәнді меңгертудің  өзіндік ізденісі мен шеберлігінен туындаған сапалы білім жүйесін қалыптастырған сабақ түрін көрсетті.                 
А.Б. Касымова 5 "А" сыныбымен "My fun job" тақырыбымен өткізген сабағында өзінің педагогикалық ұстанымы мен оқушылардың шығармашылық дағдыларына көңіл бөлініп, бірнеше әдістер түрлерін қолданды. 
Жас маман Т.А. Шоханова 6 "Ә" сыныбымен "Drama and comedy" атты ашық сабағында жас маман топпен жұмыс барысын ұйымдастыруда тиянақты, жүйелі, сабақтың  кезеңдеріне сай  талаптарды сақтап,   ақпараттық технология элементтері арқылы тақырыпты меңгертуде тілдік 4 дағдының барлығына тапсырималар орындатты.