Онкүндіктер/Қазақ тілі және әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Онкүндіктер/Қазақ тілі және әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасы
21
желтоқсан
2021

Онкүндіктер/Қазақ тілі және әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасы

    2021 жылдың 15-25.11 аралығында "Тіл мәртебесі - ел мәртебесі" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндігі аясында  әдеби-монтаж және шағын концерттік бағдарлама негізінде салтанатты ашылуы болды. Жоспарға сәйкес пән мұғалімі Баимбетова Р.А. 9-сыныппен "ЭКСПО көрмесі" тақырыбында ашық сабағы  оқушылардың шағын зерттеу әлеуетін таныта отырып, ерекше сабақ үлгісін көрсетті. Сондай-ақ, жас маман Караева Н.Б. 7-сыныппен "Сүйіспеншілік -шынайы сезім" тақырыбында өткізген сабағында сандық білім негізінде  flippity.net технологиясын ұтымды қолдана білді. Қазақ тілі мен әдебиет онкүндігі аясында пән мұғалімі Байкодаева Ж.М. 8 "Ә"-сыныбымен әдебиеттен "Мұрат Мөңкеұлының "Сарыарқа" өлеңіндегі ақын қайғысы" тақырыбында ашық сабағы  тыңдалым, оқылым, жазылым жұмыстарында "Кездейсоқ". "Айналмалы шеңбер",  ДЖИГСО әдістерін қолданып, 4 топ оқушыларымен жан-жақты жұмыстар жүргізді.    Пән мұғалімі Динебекова А.А. 6 "Ә" сыныбымен "Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры" тақырыбы арқылы коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, неологизм, диалект, кәсіби сөздердің қолданыс аясын топпен жұмыс істей отырып түсіндіре білді. Семантикалық картамен жұмыс істеліп, 3 топка арналған шағын көрініс көрсету тапсырмасы арқылы оқушылардың шығармашылығын оята білді. 
        Онкүндік аясында мұғалімдер ашық сабақтар өткізумен қатар сыныптан тыс жұмыстар әр бағыт бойынша дебат-пікірсайысы, мұражайға онлайн саяхат, мәнерлеп оқу, кездесу түрінде ұйымдастырылып өткізілді. А.А. Динабекованың жетекшілігімен "А. Байтұрсынұлының мұражайына саяхат", К.К. Сарымбетованың жетекшілігімен "Әлеуеметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?" дебат, "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыруда "А. Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы" атты  лицей оқушылары арасында мәнерлеп оқу, Ж.М. Байкожаева мен кітапханашы А.К. Ахметовалардың жетекшілігімен Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай "Даланың дара ұстазы" атты іс-шара өткізілді. Онкүндіктің салтанатты жабылуында "Ел іші - өнер кеніші" тақырыбында  талантты журналист Аман Тасығанмен лицей оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен  "Ең алғашқы" телебағдарлама негізінде мағыналы да, мәнді кездесу көпшіліктің көңілінен шықты.