05
ақпан
2026
Ашық сабақтар айлығы







23.01 “Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері” кафедрасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динабекова Алина Айбекқызы 5”А” сыныбымен “Бала қиялы” тақырыбында жоғары деңгейде ұйымдастырылған ерекше ашық сабақ өтті📚
🔹Сабақ заманауи талаптарға сай құрылып, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Оқу барысында түрлі шығармашылық және функционалдық тапсырмалар беріліп, оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, салыстыруға, талдауға дағдыланды.
🔸Сабақта пәнаралық байланыс тиімді қолданылып, әдебиет, өнер, технология және цифрлық сауаттылық элементтері кіріктірілді. Сонымен қатар ЖИ құралдары (Meta AI, Character AI, Gemini AI) пайдаланылып, оқушылар қиял кейіпкерлерін құрастырып, мәтін идеяларын толықтыруға мүмкіндік алды. Бұл олардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етті.