26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлығы




“Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы” онкүндігі аясында жоспарланған ашық сабақтар аясында, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Алма Шакардинқызы 20.01.2026ж. 6 “Б” сыныбымен “Таулардан өзен ағар сарқыраған. Белгісіздік есімдігі” тақырыбында танымдық ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар грамматикалық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, ой-тұжырымдарын еркін жеткізе алатынын аңғартты. Сабақ мақсатына сәйкес жеке, жұптық,топтық тапсырмалар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы орындалды.