“Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары
07
ақпан
2023

“Ғылыми-жаратылыстану пәндер мұғалімдер” кафедрасының мұғалімдерінің өткізген ашық сабақтары

Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында физика пәні мұғалімі, жас маман Жәңгірбай Д.М.26.01 күні 8Б сынып оқушыларымен “Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ Блум таксономиясы құрылымымен
flippity.net, wordwall.com, bouncy balls, kahoot.com сынды АКТ пайдалынылды.
Кубик, Принтер әдістері, тәжірибелік жұмыстар, сұрыптау жаттығулары орындалып, оқушылардың жаңа тақырыпты жетік меңгергені байқалды.
27.01 күні 7”ә” сыныбымен физика пәні мұғалімі, жас маман Омарғали А.М. “Қатынас ыдыстар” тақырыбында өткізілген ашық сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығын аттыру мақсатында “Стоп кадр”, “Жеделхат” және эксперименттік тапсырмалар орындалды.
7 "а" сыныппен физика пәні мұғалімі Алиева Айгүл Айбекқызы "Атмосфералық қысым" тақырыбында төңкерілген сабақ әдісінде SSDL моделін қолдану арқылы жетекші оқушыларды анықтауға бағыттала отырып ұйымдастырылды. Flipped classroom әдісі бойынша оқушылар өздері сабақта тәжірибемен ұштасқан мәлімет бере отырып тақырыпты аша білді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы функционалдық сауаттылығын арттыруға баса назар аударылды!
Сабақтар жүйелі, қызықты, тың идеялармен есте қалды!