Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика-информатика пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндігі
01
сәуір
2022

Математика-информатика пәндер мұғалімдері кафедрасының онкүндігі

Онкүндікте ашық сабақтардың өткізілуі кафедра мұғалімдері тарапынан аса белсенділікпен, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын таныта отырып өткізілді. Атап айтсақ, Г.Ш. Құрақ 8 "В" сыныбымен өткізген "Функцияға байланысты мәтін есептер шығару" тақырыбында өткізген сабағы оқушылар жасына сай футбол ойынымен байланыстырды. "Математикалфық футбол" ойыны тактикасымен есептерді екі команда жарыса отырып, яғни бірінші команда оқушылары есепті бірінші шығарса қорғаушылардан өтіп, қақпашыға қарай өтеді, егерқақпашы шығарса доп сол команданың шабуылшыларына беріліп, ойын жаласын таба берді. "Ақылды ұяшықтар" әдісімен WordWall платформасында тапсырмалар орындалып, өткен сабақ материалы өзектіленді. Сабақтың басты мақсаты жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын көрсетті. Сабақ өте қызықты, жинақы, жүйелі ұйымдастырылды.  7 "А" сыныбымен "Қысқаша көбейту формалары" тақырыбында А.А. Асил өткізген сабағында арнайы сілтемемен топқа бөлінуі ұтымды болды. "Тарсия" ойынымен шығарған есептерін дайын үшбұрыштарға орындау арқылы құрастырғанда параллелограм шығып, әр топ жұмысы дескриптор бойынша арнайы кестеде бағаланып отырды. Quizizz платформасымен сабаққа кері байланыс жасалды. 6 сыныппен "Координаталық жазықтық" тақырыбында сабағының барлық құрылымында оқушылар қызығушылығын арттыру, шығармашылығын белсендіру, есеп шығару шеберлігін қалыптастыру мақсаттһында топпен, жұппен, жеке жұмыстарды тиімді ұйымдастыра білді. "Жіктеу", "Миға шабуыл", "Диалог және қоолдау көрсету", "Бір ауыз сөз" әдістерімен жаңа тақырыпты жетік меңгерте білді. 10 "А" сыныбымен "Туындының анықтамасы" тақырыбында Г.Б.Молдаханова "Сағат-дос" әдісімен топқа бөліп, әр сабақ құрылымына "Проблеманы айқындау", "Проблеманы шешу", "Проблема шешімін қолдану" кезеңдері арқылы топпен , жеке жұмыстар арқылы есептер шығару, дәлелдеу жұмыстары жүргізіліп, тест тапсырмалары арқылы кері байланыс жасалды. Сабақ құрылымына сай әр жұмыс  барысы оқушының іс-әрекеттерін кеңінен көрсете білді.