Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қазақ тарихының жұмбақ беттері” интеллектуалды сайысы өткізілді
01
ақпан
2026

“Қазақ тарихының жұмбақ беттері” интеллектуалды сайысы өткізілді





28 қаңтарда Рахманов Жарбол Мұратұлының ұйымдастыруы және жүргізуімен 10-сыныптар арасында өткен “Қазақ тарихының жұмбақ беттері” интеллектуалды сайысын өткізді. Мақсаты — оқушылардың қазақ тарихы бойынша білімін тереңдету, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық сана-сезімін қалыптастыру болды. Сайыс барысында тарихи сұрақтармен қатар логикалық тапсырмалардың берілуі оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, алған білімін талдап, салыстырып, қорытынды жасай білуге үйретті. Сонымен қатар бұл зияткерлік жарыс оқушылардың тапқырлығын, зейінін арттырып, өз ойын еркін, нақты әрі дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Бұл іс-шара пәндер интеграциясына және оқушылардың логикалық ойлау дағдыларына негізделген. Құрылымы түрлі әдістерді қамтыған қызықты іс-шара түрінде ұйымдастырылған.